Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ӘРБІР ПІКІР ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ӘРБІР ПІКІР ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

  Апараттық мәжілісте Жолаушылар тасымалдау қызметі мен қоғамдық көлік қатынасын реттеу бағытында атқарылып жатқан шаралар барысын тыңдаған қала әкімі Н. Нәлібаев сала басшысынан қалаішілік жолаушылар тасымалдауда әлеуметтік желіде тұрғындармен жарияланған пікірлер бойынша қабылданған шараларды баяндауды сұрады.
Шаһар басшысы "Ашық Қызылорда" жобасына және фейсбук парақшада қалдырылған бірқатар хабарламалар мен пікірлерді мәжіліске қатысушыларға өзі таныстырып, сала мамандарынан әрқайсысы бойынша қандай шара қабылданғанын талап етті.
- Бүгінгі күнге дейін бұл қызмет көрсету саласы бойынша 1 мыңға жуық әлеуметтік желідегі пікірлермен таныстым. Кемшілік болмаса тұрғындар шағымданбас еді. Маған ұсынылған пікірлер Сіздерге де таныстырылады. Әрбірі қараусыз қалмауы тиіс. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсетіңіздер, – деп, талап қойған қала әкімі қалалық жергілікті полиция қызметімен қоғамдық көліктер жасайтын құқық бұзушылықтарға қабылданған шараларға сын-ескертпе жасады.
Қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Е. Құдайбергеновтың хабарлауынша 2017 жылдың 11 айында қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 593 бабымен (артық адамды мінгізу) 615 автобус жүргізушілеріне әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Атқарылған шараларға қатаң ескертпе жасаған мәжіліс төрағасы қала әкімінің орынбасары А. Шәменовке қалалық жергілікті полиция қызметімен бірге рейд шараларын қайта күшейтіп, талапқа сай келмейтін қоғамдық көліктерді бағыттан шығару бойынша нақты шара қабылдауды тапсырды.
Мәжіліс соңында ең төменгі қызмет көрсететін қоғамдық көлік иелерін анықтап, алдағы уақытта келетін 150 жаңа орта сыйымдылықтағы көліктермен ауыстыруды талап етті. Бұған дейін берілген ескертпе мен уақытқа бей-жай қараған қоғамдық көлік иелерінің ендігі уәждеріне ешқандай түсіністік танытылмайтындығы ескертілді.
Қазіргі кезде облыс әкімінің қолдауымен алынатын 150 жаңа қоғамдық көлікті сатып алу жұмыстары басталды. Сатып алу, жеткізу жұмыстары келер жылдың қаңтар, ақпан айларында аяқталады.
Қала әкімінің тікелей тапсырысымен аппарат инспекторларымен жасалған рейд барысында анықталған кемшіліктерді назарларыңызға ұсынамыз. Бейнежазба автобус паркі директоры мен сала басшысына тиісті шара қабылдау үшін жолданды.
08 желтоқсан 2017 ж. 1 562 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам