Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘДЕМІЛІК БІЗГЕ КӨПТІК ЕТПЕЙДІ

ӘДЕМІЛІК БІЗГЕ КӨПТІК ЕТПЕЙДІ

   Сұлулық, әдемілік – әйел адамға тән нәрсе. Ал, әйел дегеніміз ол – сұлулық. Қашанда нәзік жандылар көрікті болғанды қалайды. Бұл – қай кезде де оларға тән нәрсе.
Бүгінде қаламызда түрлі сұлулық салондары бар. Оны кейде «мake-up» деп атайды. Бұл ұғымға бет бояу, шаш үлгілері секілді қызмет түрлері кіреді. Қазіргі таңда жақсы киінумен қатар өзіңнің сырт келбетіңді толықтырып тұратындай, әдемі бояуды да үйлестіріп жаға білу керек. Ең алдымен нәзік жандылар үшін бет әрлеу мен шаш үлгісі маңызды.
 – Қазір макияж күндізгі, кешкі, мерекелік болып бөлінеді. Макияждың өз бейнеңе сай келетіндей болуы қажет. Сол үшін біз ең алдымен қыздар мен әйел адамдардың көзі мен бетіне мән береміз. Оларға көздерін айқындап, үлкейтіп әдемі ету үшін сүрме пайдаланамыз. Сүрмемен жасалған макияж тек көзді әрлеп қана қоймайды, сондай-ақ, көз терісі мен кірпікті күтуге мүмкіндік береді. Біз мерекелік макияжда  адам бетіне жылтыр өң беріп тұратын бояуларды пайдаланамыз. Көзге көгілдір және жылтырлы түстерді, қасқа қара түсті сүрмені, ерінге күрең қызыл, сұрғылт жылтыр, бетке алтын  түсті иіс май, қызғылт-қоңыр опа жақса өте үйлесіп тұрады, – дейді «Вива» сұлулық салонының бет әрлеушісі Ғайни Базарбаева.
Бұл – мамандар пікірі. Психолог мамандардың айтуынша, сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін танымал ете алады. Сұлулыққа ұмтылу – өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру екені рас.
 – Қаламыздағы сұлулық салондарында кореялық өнімдер көп пайдаланылады. Олардың түрлі бетке арналған майлар, ерін далаптары өң беріп, тартымды етіп тұрады. Сіздерге берер кеңесіміз кірпік пен қас сүрмесін сатып алғанда көз шаршауын басуға арналған, камфор мен өсімдік экстракты қосылған көзге арналған сүрмеге көңіл бөлген дұрыс.
Макияжды сабын пайдалану арқылы емес, арнайы бояу сүртуге арналған тониктерді қолданған дұрыс. Бұған қоса бетті нәрлендіретін маскаларды айына бір немесе екі рет жасап тұрған абзал, – дейді кәсіби кеңестерімен бөліскен Ғайни.
Сұлулыққа байланысты әр елде түрлі қызықты деректер бар. Мәселен, Арабияда сүрмені ертеден қабаққа, қас пен кірпікке бояу ретінде қолданумен қатар, көзге емдік мақсатқа да пайдаланған. Сүрмемен тіпті жас баланың көзін «көз тимесін» әрі пайдалы деген мақсатпен жи­ектеп бояп қоятын болған. Ұлыбританияда табиғи әдемілік тым жоғары бағаланады. Түркияда шашы ақшыл, көк көзді бойжеткендер әдемі болып саналады екен.
Әйел әдемілігі – оның көздерінде, өйткені көз оның махаббатқа толы жүрегіне апарар бірден бір жол. Сұлулық – адам бойына қуаныш, әсем сезімнің пайда болуына өз септігін тигізеді.
Таңшолпан КЕНЖЕБАЕВА,
ҚМУ-дің IV курс студенті.
07 наурыз 2018 ж. 2 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам