Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СУ АЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ САБАҚ ТОҚТАТЫЛДЫ

СУ АЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ САБАҚ ТОҚТАТЫЛДЫ

   Облыс əкімінің орынбасары С.Сүлейменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов жəне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы О.Бержанов бастаған жұмыс тобы аймақтың солтүстік аудандарында су тасқынының алдын алу жұмыстарын пысықтау барысында Арандыдағы №97 мектеп аумағын су басты деген хабарламаға сəйкес оқиға орнына барып, нысанның жағдайымен танысты.
Комиссия мүшелері су алған аумақ пен мектеп ғимаратының техникалық жағдайымен танысты. Нысанға түскен сызат пен еденнің көтеріліп кетуіне байланысты ғимаратта оқу процесін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес құрылған сарапшылар комиссиясы мектептің техникалық жағдайын кешенді түрде зерттеп, оқиғаның себебін анықтайды.
Облыстық білім басқармасы оқушылардың білім алу процесі тоқтамайтынын мəлімдеді. 12 наурыздан бастап мектептің мұғалімдері мен 98 оқушысы көршілес Қожабақы ауылындағы №25 мектептің екінші ауысымында оқиды. Ұстаздар құрамы мен оқушыларды тасымалдау үшін Қазалы ауданы əкімдігінен арнайы көлік бөлінген. 


12 наурыз 2018 ж. 1 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 595 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам