Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ҚҰРМЕТ

   Уақыт өткен сайын погон таққан қыз-келіншектердің қатары  көбейіп келеді. Солардың  қатарында Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінде мықты, батыл, ер азаматтармен қатар қызмет атқаратын нәзік жанды  аруларымыз бар. Әрқайсысы өз саласының майталманы.
С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде "8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне арналған мерекелік салтанатты жиын болып өтті. Жиын Қызылорда қаласы  әкімінің орынбасары  
Ш.Баймановтың құттықтау сөзімен басталып, әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып жүрген азаматшаларды марапаттаумен жалғасты. Марапатталушылардың ішінде жергілікті атқарушы органдамен бірлесе, тығыз байланыста жұмыс атқарып келе жатқан  Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық Пробация бөлімі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Примова Айнұр Жеңісқызы,  Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің аға инспекторы әділет майоры М.Маратқызы, әділет аға лейтенанты Г.Байсариева,әділет аға лейтенанты Ж.Исмайлова, әділет аға лейтенанты Ф.Сембаева, әділет лейтенанты М.Досжанова Қызылорда қаласы әкімінің Алғысымен марапатталды. 
 Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін, Мәдениет үйінің ұжымы әйелдер қауымына арнаған мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербейтін азаматшалар керемет көңіл-күймен тарады.
Қызылорда облысы бойынша 
ҚАЖД 
11 наурыз 2018 ж. 1 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 523 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам