АРДАГЕРДІ ҚҰТҚАРУШЫЛАР МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Ж. Ерімбетов пен №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Амандықов сала ардагері Т. Серекешовті алда келе жатқан құтқарушылар күнімен құттықтады.
Кездесу барысында Ж.Ерімбетов салтанатты жағдайда ардагерді 70 жасқа толуымен құттықтап, иығына шапан жауып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ардагер-құтқарушы Т. Серекешов өзінің әр жылдары Арал қалалық №1 өрт бөлімінде нұсқаушы, қарауыл бастығы қызметтерін атқарып, 1984 жылдың 1 наурызынан бастап, 1998 жылдың 1 желтоқсанына дейін Арал қалалық №1 өрт бөлімінің бастығы болған. Құтқарушылар күні мерекесіне орай өзінің шығарған «Өрт сөндірушілер маршы!» атты өлең жолдарын оқып, ақ батасын берді. Бөлімнің жеке құрамына зор денсаулықпен мемлекетке адал қызмет етіп, зейнетке жетулеріне тілектестігін білдірді.