НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ?
Қазақстанда демалыс күндері 21-нен 25 наурызға дейін жалғасады. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурызда үш күн - 21-23 демалады. Биыл, 23 наурыз жұма күнге тұспа-тұс келіп отыр, сондықтан мереке күндеріне сенбі (24 наурыз) мен жексенбі (25 наурыз) де қосылады. Жалпы, наурыз қазақстандықтарға 13 демалыс күн сыйлады.