ҚАЗПОШТА 9 МЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨБЕЙТЕДІ

Еске сала кетсек, 5 наурыз күні ҚР Президенті төмен жалақы алатындардың жеке табыс салығын 1%-ке дейін төмендетуді тапсырған еді. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 АЕК-тен аз жалақы алатын жұмыскерлерге салынатын жеке табыс салығының мөлшерін 1 пайызға төмендейтінін, табыс салығын азайтудан шығатын қаржының жалақыны көтеруге бағытталатынын мәлім етті.
Сонымен бірге, Сәкен Сәрсенов компанияда ынталандыру бағдарламасы жұмыс істейтінін атап өтті. Ай сайын қызметкердің еңбек көрсеткішіне сәйкес, қосымша ақы төленеді. Тіпті кей қызметкерлер тұтас жалақымен бірдей болатын қосымша ақы алады. Қазпоштадағы орташа еңбекақы 109 мың теңгені құрайды.