Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҮКІМЕТ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУГЕ КІРІСТІ

ҮКІМЕТ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУГЕ КІРІСТІ

  Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев құзіретті мемлекеттік органдарға мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сынып ұстаздарының лауазымдық жалақысын 30 процентке көбейту керек. Ал 1 қыркүйектен бастап аталған шаралар 3-ші, 6-ші және 8-ші сыныптар бойынша атқарылуы шарт", - деді Б.Сағынтаев. Үкімет басшысының айтуынша, ағымдағы жылда ұлттық біліктілік тесті енгізіледі. Соның аясында мұғалімдердің категориялары анықталады. Жаңа жүйе бойынша өз категориясын растаған ұстаздардың жалақысы 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Аталған жұмысқа ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігі жауапты. Айта кетейік, биылғы Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырды. "Жаңартылған мазмұн дегеніміз - халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет", - делінген Жолдауда. 

11 қаңтар 2018 ж. 1 698 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 079 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам