Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАСПАНАМЕН ҚАМТУ МҮМКІНДІГІ ЗОР

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ МҮМКІНДІГІ ЗОР

   Елбасымыз жариялаған «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуі еліміздің тұрғын үй, мемлекеттік салық, білім, шағын және орта бизнесті қапжыландыру, газдандыру мәселелерін қамтиды. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері бастамасы да «Тұрғын үй жинақ банкі» Қызылорда филиалы мамандарына үлкен міндеттер жүктейді. Сондай-ақ, ай сайынғы төлемді мақсатында 15 жылдық мерзім 25 жылға дейін ұзартылады.
  Осы орайда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Тұрғын үй жинақ банкінің» Қызылорда филиалы директоры Әділжан Сәулебаев пен «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалы төрағасы Талғат Тілес үндеуден туындайтын мақсат-міндеттерді саралады.                                                                       
  Бес әлеуметтік бастама еліміздің тұрғын үй, мемлекеттік салық, білім, шағын және орта бизнесті қаржыландыру, газдандыру мәселелерін қамтиды. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері бастамасы да облыстағы жинақ банктің назарынан тыс қалмайды. Сондай-ақ, ай сайынғы төлеп отыратын төлемді азайту мақсатында 15 жылдық мерзім 25 жылға дейін ұзартылады.
– Тұрғын үй жинақ банкі басшысы да ұсынылған әлеуметтік бастама ішіндегі «7-20-25» бағдарламасын толық қолдайды.  Себебі, бұл бағдарлама банктер үшін өзара салауатты бәсеке қалыптастырып, өз өнімдерін азаматтардың сұранысына бейімді етіп жасауға мүмкіндік береді. Жаңа бағдарламаның қолданысқа енуі халықты баспанамен қамтамасыз етуге жол ашады. Сонымен қатар облыс бойынша былтыр 45 мың салымшыдан 14 млрд. қаржы қоры жинақталды, – деді Әділжан Сәулебаев.
  Елбасымыз үшінші бастамада жоғарғы білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөнінде айтқан болатын. Қазіргі таңда елімізде оқып жатқан жастардың 30 пайызы мемлекеттік грант бойынша білім алып жатыр. Жыл сайынғы бөлініп жатқан 54 мың грантқа биылдан бастап қосымша 20 мың грант бөлу керектігі де айтылды. Жастарды сапалы білім мен қатар жатақханамен де қамтамасыз ету қажет. Сол мақсатта  25 мың орынды жатақхана 2022 жылдың соңына дейін жастарға берілетін болады.
     
                                                                                                                  Таңшолпан КЕНЖЕБАЕВА.
13 наурыз 2018 ж. 1 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам