ЕЛБАСЫНЫҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау мақсатында университеттің профессор-оқытушыларының қатысуымен арнайы жиын өтті.
Жиында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов Елбасы бастамаларының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына зор көмегін тигізетіндігін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағыты бойынша алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізілетіндігін алға тартты.
Қорытындысында университеттің оқытушы-профессорлар құрамы Елбасы бастамалары бойынша азаматтық көзқарастарын білдіріп, өзара пікір алмасты.