Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫНДА САҚТЫҚ КЕРЕК

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫНДА САҚТЫҚ КЕРЕК

   Сыр өңірінде жолаушы тасымалдау қызметін заңсыз атқарған азаматтарды анықтау мақсатында арнайы рейдтік шаралар ұйымдастырылған еді. Нәтижесінде 1408 заң бұзушылық дерегі тіркеліп, 5 тасымалдаушы айыппұл төледі.
 Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев және облыстық әкімшілік полиция басқармасыбасшысының міндетін атқарушы Айбек Құлмағанбетов мәлім етті. 
Соңғы жылдары облыс және аудан орталықтарында жолаушыларды заңсыз тасымалдаған азаматтар саны азаяр емес. Осыған орай 27 ақпан -1 наурыз аралығында жергілікті полиция қызметі, облыстық жолаушылар көлігі және автобомиль жолдары басқармасы, көліктік бақылау инспекциясы жүргізген рейдтік тексерулер барысында көптеген кемшіліктер белгілі болды. Мәселен,  8 және 11 орынға лайықталған "Хундай Старекс" маркалы автокөлік иелері Шиелі мен Қызылорда қаласында осындай қызмет көрсеткен.  
–  Олар қауіпсіздік шаралары сақтауға қатысты өрескел заң бұзушылықтарға жол берген. Көлік иелерінде сақтандыру полистері, жолаушы тасымалдауға арналған лицензия жоқ. Көліктері тасымалдаушылар ретінде енгізілмеген, маршрут бағыты мен уақыты нақтыланған график жоқ. Жүргізушілер медициналық бақылаудан, ал көліктері техникалық тексерістен өтпеген. Сондықтан мұндай тасымалдаушылар адамдардың өміріне үлкен қауіп тудырады, – деді Ерлан Жаңабаев.
Жолаушылар тасымалдау қызметі адам өмірімен тығыз байланысты. Мәселен, өткен жылы 9 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам жарақат алған. Алайда, халыққа тиімді болғандықтан тұрақты емес тасымалдау көліктері сұранысқа ие. Сондықтан бұл қызметті пайдаланушыларға қойылар талап күшейтілген.
– Тұрақты емес тасымалдау үшін арнайы лицензиясы болуы шарт.  Ал ол үшін автокөлікте тахограф болуы міндетті. Сонымен қатар, бұл қызметке жүгінетін жолаушылар автовокзалдар аумағынан отыруы қажет. Сондай-ақ, келісім шарт жасау арқылы тапсырыспен ғана жұмыс жасау қаралған, – деді облыстық әкімшілік полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айбек Құлмағанбетов.
                                                                                                            Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
13 наурыз 2018 ж. 1 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам