Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СӘН ӨНЕРІНІҢ СҰЛУЛАРЫ

СӘН ӨНЕРІНІҢ СҰЛУЛАРЫ

     Әдемілікті жаны сүйетін нәзік жандылар үшін Қызылордада «Сән мен сахна» халықаралық фестивалі өтті. «Шаңырақ» мейрамханасында өткен байқауға аймақтағы төрт сән үйі өз киім үлгісін ұсынды.
Салтанатты кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ пен эстраданың танымал әншісі Өмірқұл Айниязов, Үміт Медеуова әннен шашу шашты. Байқаудың былтырғы жеңімпазы қазақы нақыштағы «Қолөнер» сән орталығының топтамасы көрермен назарына ұсынылды. Сынға аймақтағы  «Самал», «Зере», «Қарлығаш», «Адина» сән үйлері қатысты. Әдемілік әлеміндегі соңғы жаңалықтарды көзайым еткен дизайнерлер  «Сыр сұлуы» номинациясы бойынша сынға түсті.
Фестиваль қонақтары халықаралық деңгейде Елена Савоның ұйымдастырумен жыл сайын өтетін «Opening Milan Fashion Wek» сән көрсетіліміне қатысып жүрген Мәдина Масакова, Гүлнар Қасым, Индира Білісбекова сынды сәнгерлер мен Динара Алмусаеваның «Bodi Art» стиліндегі киім үлгілерін тамашалады.
Кеш қорытындысы бойынша «Сыр сұлуы» номинациясына «Қарлығаш» сән үйінің топтамасы ие болды. Ал, екінші орын биігінен «Зере» көрінсе, үздік үштікті «Самал» сән үйі түйіндеді. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді.
Таңшолпан КЕНЖЕБАЕВА,
ҚМУ-дің IV курс студенті.
19 наурыз 2018 ж. 1 795 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 213 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам