Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » APPLE КОМПАНИЯСЫ IPHONE ШЫҒАРУДЫ ТОҚТАТТЫ

APPLE КОМПАНИЯСЫ IPHONE ШЫҒАРУДЫ ТОҚТАТТЫ

   Apple компаниясы Қытайдың Куньшан аймағында орналасқан зауытта iPhone 8 Plus смартфонын шығаруды екі аптаға тоқтатты. Мәселе смартфондарды құрастыратын Wistron компаниясының сертификатталмаған заттарды пайдалануында болып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Басылымның хабарлауынша, бірнеше жетекші Apple корпорациясына деген сенімді қайтару мақсатында жеткізуші Wistron компаниясына айыппұл салған. Жеткізуші компания смартфондардың құрастырылуы осы істің мән-жайы анықталғанға дейін тоқтатылғанын жоққа шығарып отыр. Алайда соңғы күндері Wistron акциясы 5% арзандаған.
Десе де, әзірге сертификатталмаған өнімдермен құрастырылған смартфондардың нарыққа шығып-шықпағаны белгісіз. Wistron iPhone 8 Plus смартфонының тек 20%-ын құрастырады. Қалған 80%-ын құрастыру Foxconn компаниясының еншісінде.
Компания Бангалорда iPhone SE және iPhone 6s смартфондарын шығару үшін зауыт салуға 157 млн доллар инвестициялады. Қазіргі таңда Wistron Apple жеткізушілерінің ішінде Үндістан бойынша бірінші орында тұр.


20 наурыз 2018 ж. 1 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 258 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам