ШӘЙДІҢ ІШІНЕ ТЕЛЕФОН ЖАСЫРЫП ТҮРМЕГЕ КІРГЕН
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 169/5 мекемесінде шәйдің ішіне телефон жасырып өткізуге тырысқан жағдай тіркелді.
Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 1985 жылғы Н.Бектібаевпен кездесуге келген інісі Е.Иманның сәлемдемесінің арасында 2 киллограмм шәй болған. Тінту кезінде оның ішінен ұялы телефон табылды.
Сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған затты мекеме аумағына кіргізбек болған тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481- бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.