Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » УОРРЕН БАФФЕТТІҢ 5/25 ЕРЕЖЕСІ

УОРРЕН БАФФЕТТІҢ 5/25 ЕРЕЖЕСІ

   
Мақсаттар тізімін құрыңыз 

Уоррен Баффеттің бірге 10 жыл жұмыс істеген ұшқыш Майк Флинтке қалай көмектескені туралы бір оқиға бар.

 Бір күні ол Флинттен қандай мансаптық мақсаты бар екенін сұрайды. «Сенің әлі күнге дейін маған жұмыс істеп жүргенің, менің өз жұмысымды дұрыс атқармағанымды білдіреді», - деп әзілдеген екен.
Ол Флинтке мақсатты анықтауға арналған жаттығуларды орындауды ұсынады. Ең әуелі Флинт болашақта қол жеткізгісі келетін 25 нәрсенің тізімін жасауы керек болды. Содан кейін оларды маңыздылығына қарай бағалап, ең басты бесеуін таңдап алуы керек. Бірақ содан кейін Флинт қалған жиырма бөліммен не істейтінін сұрады.

«Мен бастапқы бес мақсатыма көбірек көңіл бөлемін. Бірақ басқа бөлімдер де мен үшін маңызды, - деп түсіндірді Флинт. – Мен олармен маңызды бес мақсатыма жеткенше ақырындап жұмыс істей беремін».

Бұған Баффет: «Жоқ, дұрыс түсінбедің. Сен белгілемеген мақсаттың бәрі «Қалайда жоламау керек» деген тізімге айналды. Бастапқы бес мақсатыңа қол жеткізгенше оларға мүлдем назар аударма» деп жауап берді.

Бір ғана нәрсеге назар аудару неге маңыздырақ? Біздің үнемі көңіліміз басқа нәрсеге ауып кетеді. Сол себепті көп адамдар қандай да бір саладағы шеберлікке қол жеткізе алмайды. Жаңа бірнәрсеге көңіл аударған сайын, жіберіп алған пайданың шығынын өтеуге тура келеді. Бұл біздің уақытымызды және зейінімізді алады да, шын мәнінде маңызды болған нәрсеге көңіл аударуға мүмкіндік бермейді. Сіз бір ғана мақсатқа ойыңызды шоғырландырған кезде, табысқа деген мүмкіндік арта түседі.

Ең маңызды нәрсеге жинақталыңыз және сол істің майталманы болуға тырысыңыз. Сәнге айналған бағыттарға назар аудармаңыз және бір қызығушылықтан екіншісіне тез ауысып кетпеңіз.

5/25 ережесін тек мансап жолында ғана емес, өмірдің басқа салаларында: денсаулықта, қарым-қатынаста, жеке мақсаттарда пайдаланыңыз. Мұның бәрі көңілсіз, біртоға өмір сүру дегенді білдірмейді. Тек босаңсып кетпеңіз. Негізгі бес мақсатқа жеткеннен кейін келесі мақсаттарға қарай жылжыңыз.

 Бұл өмірде қалай көрініс табады? Істегіңіз келетін нәрселер жайлы ойланыңыз. Шет тілін үйрену. Музыка аспабын игеру. Өз ісіңізді ашу. Әлемді аралау. Көп адам алға қойған мақсатына ешқашан жете алмайды. Демек, ол адам үшін мақсаттары шын мәнінде маңызды емес. Әдетте ондай мақсаттарды тек пайда әкелетін болғандықтан таңдайды. Бірақ бұл оған ұмтылу үшін жеткіліксіз. Мысалы, он шет тілінде еркін сөйлесеңіз керемет болар еді. Бірақ барлық демалыс күндерін грамматиканы үйренумен өткізу көңілге қонбайды. Шет тілдері біздің артықшылықтар тізімінде жоғарыда болмайды, әдетте біз үшін жұмыс пен отбасы маңыздырақ. Сол себепті оларды тек бос уақытымызда ғана оқимыз да, бір тілді үйрену үшін бірнеше жылымыз кетеді. Нәтижесінде біз ешқашан қол жеткізе алмайтын мақсаттардың тізімін аламыз. Сол себепті күйзеліске түсіп, өзімізді кінәлі санай бастаймыз. Бес негізгі мақсаттың қатарына кірмеген мақсаттар сіздің өміріңізге аз әсер ететін сияқты. Өзіңізге үнемі мақсат қосып ала бергенше, ең дұрысы, оларды қысқарта беріңіз.

 5/25 ережесі қарапайымдылықтың өмірді жақсарта түсетінін тағы бір рет дәлелдеді. Өзіңіз үшін маңызды нәрсемен көбірек айналысыңыз: Уақыт пен зейін – ең маңызды екі қор. Бірақ екеуі де шектеулі. Жақсы мүмкіндіктер оларға деген уақыттан көбірек болады. Оның әрқайсына жармаса берудің қажеті жоқ. Мүмкіндік қанша тартымды болса да, егер ол нөмірі 25-мақсатқа жылжуға ғана көмектесетін болса, оған уақытыңызды кетірмеңіз.

Мақсатыңызды қысқартып отырыңыз. Сол кезде сіз өзіңіз үшін шын мәнінде ненің маңызды екенін тез түсінетін боласыз. Уақытыңыздың көбін соған бөліп, басқа нәрселерге назар аудармаңыз. 

дереккөз: bilim-all.kz
24 наурыз 2018 ж. 1 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам