KASE: ТЕҢГЕ БАҒАМЫ ӨСІП КЕЛЕДІ
ҚазАқпарат - Дүйсенбі күнгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы 1 долларға 319,07 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 1,09 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 318,6 теңге, ал ең жоғарғысы 319,7 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 33,8 млн долларға жетті. 20 наурыз, сейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 320,16 теңге, күндізгі сессияда - 320,58 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 320,34 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 146,05 млн долларды құрады. Еске салсақ, өткен дүйсенбіде KASE-нің таңғы сессиясында 1 АҚШ долларының ортаға бағамы 1,61 теңге - 322,76 теңгеден 321,15 теңгеге дейін, сейсенбіде тағы да 0,99 теңге - 320,16 теңгеге дейін төмендеген болатын.