ТЕҢГЕ БАҒАМЫ ЕДӘУІР КӨТЕРІЛДІ

Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 327,55 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 329,1 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 212,6 млн долларды құраған. Дүйсенбі күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 329,73 теңге, күндізгі сессияда 329,63 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 329,67 теңге болған. Сауда көлемі 276 млн долларды құраған.
Дереккөз: .inform.kz