2 КҮНДЕ 108 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың наурыз айының 24-28 күндері аралығында облыс көлемінде «Жасөспірім және көше» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.
Іс-шара барысында жергілікті полиция қызметкерлері мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
Іс-шараның 2 күнінде 108 құқық бұзушылық анықталды. Ішкі істер органдарына ата-анасының ертіп жүруінсіз жүрген 96 жасөспірім жеткізіліп, олардың ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылды.
8 жасөспірім профилактикалық және тізімдік есепке алынды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін 2 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі