Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҮМІТТІ АҚТАҒАН ҚОС ҮЗДІК

ҮМІТТІ АҚТАҒАН ҚОС ҮЗДІК

   Қос ғасырлық тойын атап өткелі отырған Қызылорда қаласының тарихында аймақ абыройын арттырған саңлақтарымыз аз емес. Солардың арасында спорт­шы­лар жетістігі бір төбе. Туған жердің түлектері жөнінде бүгінде мақтана айтамыз.
Солардың бірі – толағай батырымыз – Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол кішкентайынан зерек болып өсті. Алдына мақсат қойып өскен ол алты жасынан ауыр атлетикамен айналысты. Алғашқыда ағасы Алексейдің жанында жүріп, осы спортқа бейімделген еді. Тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған саңлағымыз 2001 жылы 13 жасында спорт шеберінің нормативін толық орындаған. Осылайша спорттық мансабында даңғыл жол ашыла түсті. 2002 жылы сол жетістігін қайта жаңартып, ерлер арасында әлем чемпионы атанған. Бертін келе әлем біріншілігінде алған алтын медальдары толыға түсті. Талай биіктерді бағындырды. Еліміздің көк байрағын биіктерге желбіреткен еңбегінің нәтижесінде жақында спортшылар арасынан «100 жаңа есім» жобасына енген. Халықтың саңлақ спортшыға деген ықыласы ерекше. Оның еселі еңбегі ел аузынан түскен емес. Ол 17 жасында ересектер арасында чемпион болды. Дүниежүзілік додаларда ол жеңіс тұғырынан түсір көрген емес. Еліміздің даңқын асырып, атын әлемге танытқан Илья Ильин Сыр бойының тумасы екенін мақтан етеді. Ол өзін «Қызылорданың қазағымын» дейді.   
 
Қазақ елінің намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүрген тағы саңлағымыз – Элизабет Тұрсынбаева талайды тамсандырған дарындылар қатарында саналады.Мәскеуде туылға­н мәнерлеп сырғанаушы бойжеткеннің әкесі – Байтақ Сыр өңірінің тумасы. Ол тек Қызыл­орданың емес, Қазақстанның мақтанышы. Небәрі 18 жастағы спортшының жетістігін зор мақтанышпен айтуға негіз бар. Ол төрт рет жасөсп­ірімдер арасындағы жарыста топ жарса, ересектер арасында алғаш рет гран-при жарысында үздік шықты. Айтулы жарыста топ жарып үлгерген Элизавет Қазақстанның үш дүркін чемпионы және бірнеше рет халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанып үлгерді. Ол – халықара­лық мәнерлеп сырғанау одағының рейтингісінде үздік он спорт­шының бірі, әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген мә­нерлеп сырғанаудан халықаралық дә­режедегі спорт шебері. Бос уақытында скрипка, фортепианомен шұғылданады. Негізгі арманын спортпен байланыстыратын Элизабет биыл Оңтүстік Кореяның Пхёнчан  қаласында өткен ересектер арасындағы қысқы олимпиада да бақ сынап, ел мерейін өсірді. Ол болашақта Олимпиада чемпионы болуды армандайды.
Дүбірлі додаларда топ жарып шығу, ел сенімінің туын көкке желбіреткен жампоздар қашанда мадаққа лайық. Қазақстанның, Қызылорданың даңқын әлемге аспандатып жүрген спортшылармен мақтануға тиістіміз. Сыр өңірінің атағын шығарған әрбір азаматты болашақ ұрпақ ұмыт қалдырмауы тиіс. Себебі, олар еліне, халқына, туған жеріне еңбек етуде.
                                                                                          Айтолқын АЙТЖАНОВА.
27 наурыз 2018 ж. 1 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам