ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАХМАТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРҒА ҚАТЫСАДЫ

Биылғы жылғы оқушылар арасында Әлем чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы атанған Әсел Серікбай және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Назерке Нұрғали 8-30 қарашада Тарвизио (Италия) қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда.
Содан кейін Әсел Серікбай 10-20 желтоқсанда Гуджарат штатында (Үндістан) 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында болатын Бүкіләлемдік Олимпиадада облыс намысын қорғайды.