ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚҰРЫҚҚА АЛЫНДЫ

Көлік иесі Алматы қаласы тұрғыны болып табылады. Көлікке полиция қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен тексеру жасады. Олар көліктің артқы орындығында жасырылған пакетке салынған 19 дана және 6 дана газет қиындысына оралған жалпы салмағы 9 келі 600 грамм болатын есірткі құралы марихуана тәркіленді. Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар 1968, 1971 жылғы күдікті тұлғалар Арал аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.