Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫР ӨҢІРІНДЕ «SMART CITY» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

СЫР ӨҢІРІНДЕ «SMART CITY» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

   Қызылордада қытайлық инвесторлар күн және су электр стансаларының құрылысын бастап, «Smart city» жобасын жүзеге асыруға ниетті. Қазір Қытайдың CNEEC мемлекеттік инженерлік құрылыс компаниясымен келіссөз жүргізіліп жатыр.
Компания әлемнің 70 мемлекетінде жылу, жел және су электр стансаларын, қоқыс өңдейтін зауыттар салған. Қызылорда – күннің белсенділігі жоғары аймақ, әсіресе жаз мезгілінде, бұл қуаттылығы жоғары күн электр стансасын салуға негіз болады. Сырдария өзенінде «Ақлақ» су тоспасы бар, сол жаққа қуаттылығы 20-25 мегаваттық су электр стансасын орнатуға болады. Сондай-ақ, аймақта қалдықтарды өртеу және электр энергиясының белгілі мөлшерін шығаруды көздейтін екі міндетке негізделген қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар «Smart city" (ақылды қала) жобасын жүзеге асыру үшін әлемге танымал «Huawei» компаниясымен өзара әріптестік туралы меморандум жасалды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіндегі алғашқы жобалар биыл іске асырылады, оның ішінде дарияның сол жағалауындағы жобалар бар.
28 наурыз 2018 ж. 1 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам