БАЙҚОҢЫРДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ АРЗАНДАЙДЫ
Осы күнге дейін «Жұлдызды қалашықтың» тұрғындары электр қуатының бір киловаты үшін ресейлік «БайқоңырЭнерго» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнына 51 теңге төлеп келеді. Ал, Байқоңырға шекаралас Төретам, Ақай елді мекендерінің тұрғындарына электр жарығы 18 теңгеден жеткізіледі. Жаңа жылдан бастап Қызылорда электр желісін тарату компаниясы осы төмен тарифті байқоңырлықтарға да ұсынуға әзір.