ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ҚАР АРАЛАС ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
«Қазгидромет» РМК 29-31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Циклондар мен антициклондар Қазақстан аумағы арқылы қатты жылдамдықпен жылжиды. Осыған байланысты, еліміздегі бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік бөлігінде найзағай аралас жаңбыр, солтүстігінде ылғалды қар, тұман және көктайғақ болжанады. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан жоғары, тек солтүстік аудандарда температура 2-3°С нормадан төмен болады», - деп жазылған хабарламада.