САМАТ СМАҚОВ 40 ЖЫЛ «АҚТӨБЕНІҢ» ЖАНКҮЙЕРІ БОЛҒАН ҚАРИЯҒА АБОНЕМЕНТ СЫЙЛАДЫ

«Ақтөбе» футбол клубының қиын жағдайына қарамастан карьерасын аяқтап, басшылыққа келген Самат Смақов бірнеше батыл қадамға барды. Өз атын пайдаланып, айлығын ала алмай жүрген футболшыға өтініш те жасады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, клубтың банкроттық жағдайын ашық айтып, қарыздарды тізбектеген болатын. Сонымен қатар, ол футболға шын жаны ашып, ұзақ жыл бойы жанкүйер болып жүргендермен кездесті. 80 жастағы Лидия Джуринская жас кезінен бастап ақтөбелік футбол клубына жанкүйер болып жүр. Ол 40 жыл бойы футбол көріп, орталық стадионда болатын ойынға жиі барады.