ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ АТЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҮШ КҮДІКТІ ҚАМАЛДЫ

ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада күдіктілер өз кінәларын мойындап жауап бергені айтылған. Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 2, 3-бөлігі (бұзақылық) және 99-бабының 2-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Естеріңізге сала кетелік, 27 наурызда сағат 14.50 шамасында Қызылорда қаласының Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында атыс болған. Оқиға орнына келген қалалық ішкі істер басқармасының жедел-тергеу тобы 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекетін анықтады. Оқиға барысында қаланың 1 тұрғыны жарақатпен облыстық медициналық орталыққа жеткізіліп, сол жерде қөз жұмған еді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі