ЭКСПО КӨРМЕСІ ДУБАЙДА ӨТЕДІ
Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Дубай шаһарында 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында «Болашақ үшін сана-сезімді біріктіру» тақырыбында, оның ішінде «Мүмкіндік», «Мобильділік» және «Тұрақтылық» деген ұғымдардан тұрады. Ұйымдастырушылар көрмені 25 млн. адам тамашалайды деп күтуде. Айта кетсек, бұл көрме Таяу Шығыста бірінші рет өткізілмекші.
Көрме кешені «Үш жапырақ» пішінде ұсынылған және Біріккен Араб Әмірліктерінің павильоны, сондай-ақ, көрме ұғымдарына сай 3 тақырыптық кластер диаметрі 150 метрді құрайтын «Әл-Васл» плазасы орталық нысанының қасында орналасады. Оның жалпы аумағы 438 гектарды құрайды. Сонымен қатар, жерүсті метро стансасы, «Dubai South Mall» сауда орталығы, тұрғын үй, логистикалық және қонақ үй нысандары кіреді.
Қазіргі уақытта «ЭКСПО-2020 Дубай» көрмесіне 170 ел қатысатындығын растап, 55 ел келісімге қол қойған.
Естеріңізге сала кетейік, келісімге Дубайдағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2020 көрмесіндеҚазақстан республикасының Ұлттық секциясының бас комиссары, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Аллен Шәйжүнісов пен «ЭКСПО-2020 Дубай» бюросының атқарушы директоры Наджиб Мохаммед әл-Әли қол қойды.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.