Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН 13 АЛТЫН ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН 13 АЛТЫН ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

    Ташкент қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка және каноэде есуден өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы 15 жүлдені иеленді. Жерлестеріміз жарыста табысты өнер көрсетіп, 13 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдарды еншілеп, биылғы жылғы маусымды сәтті бастады.
Жасөспірімдер арасында бірлік бәсекесінде сынға түскен Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат және № 5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Эльнура Нурланова 200, 500, 1000 және 3000 метр қашықтықта 4 алтын жүлдені жеңіп алса, Диас Бахраддин 1000, 5000 м.қ. екі мәрте алтын, 500 м.қ. күміс жүлделерге қол жеткізді.
Жастар арасында бірлік сынында бақ сынасқан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Қожахмет Алтынбек пен Гүлжайна Тыныбекованың мерейі үстем болды.
Қожахмет 500, 1000, 5000 м.қ. 3 алтын, ал Гүлжайна 200, 500, 1000 және 3000 м.қ. 4 алтын медальдарға ие болды. Сондай-ақ, Темірғали Орақбаев 5000 м.қ. қола жүлдені еншіледі. Спортшыларды Мұхитдин Мейірбеков пен Диана Қазиева дайындады.
30 наурыз 2018 ж. 1 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 583 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам