ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАХМАТШЫЛАР ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ
Алматы қаласында шахматтан жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Дүбірлі додада Қызылорда облысының құрама командасы 12 медаль олжалап (6 алтын, 5 күміс, 1 қола), жалпыкомандалық сында екінші орынды иеленді. Бірінші орынды - Астана, үшінші орынды – Алматы қалаларының спортшылары еншіледі.
Жекелей есепте классика және рапид бойынша Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали қос-қостан алтын медальдарды жеңіп алса, Кәусар Али классикадан – алтын, рапидтен – күміс жүлделерге ие болды.
Рапид бойынша Сұлтан Аманжол екінші, Сақыпжамал Бармағамбетова үшінші орындарды иеленді. Ал Назерке Нұрғали блиц түрі бойынша ел чемпионатының үшінші алтынын жеңіп алды. Сондай-ақ, шахматтың осы түрінен Әсел Серікбай, Ақылжан Мейірханұлы және Сақыпжамал Бармағамбетова екінші орыннан көрінді.