«ТҰРАН» ТРИОСЫ ҚАНДАЙ СЫЙ ЖАСАМАҚ?
Сыр елінде «МузАрт»-тан кем түспейтін «Тұран» триосы бар. Өнер жолында жүрген Қанат, Алмас және тағы да Алмас есімді үш серіден құралған топтың өз орны бар. Олар бірнеше рет концертті де өткізді.
Сондай-ақ, өткен жылдың соңында аталмыш трио «Мәдениет майталманы» марапатына ие болды. Ал, биылғы басты жаңалық – «Жібегім» атты әнге бейнебаян түсірді. Құлаққа жағымды естілетін әсем әннің сөзін Индира Елубаева, әнін Жарылқасын Оразғұлов жазған.
Тұрандықтар ең нәзік сезім – махаббат тақырыбына арналған туындыны сәуір айындағы ғашықтар күнінде көрермендеріне тарту етпек. Ал, күтіңіздер!
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.