Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫРДЫҢ СҰЛУЛАРЫ СҮЙКІМДІ

СЫРДЫҢ СҰЛУЛАРЫ СҮЙКІМДІ

  «Ән – көнілдің ажары» дейді. Ол адамның рухын көтереді, жанын жадыратады. Әуен әуезді болғанмен, сөз құдіретінсіз әннің тыңдарман жүрегіне жетуі екіталай. Екеуі бір жерден үйлесім тапқаннан кейін ғана ол жүректерге жол тартады. Сондай дүниенің бірі – эстарда тілімен айтел арасында хитқа айналып келе жатқан «Қызылорда қыздары» әні.
Бүгінде аталмыш ән әлеуметтік желіде көпшіліктің қызыға тыңдайтын дүниесіне айналды. Қоғамдық көлікте, көше бойында кетіп бара жатсаң да осы әуенді құлағымыз шалады. Ал бұл әнді орындаушылар өнер атты өміршең саланың тамырын тап басқан «А.Д.С» тобы. Топ құрамында Асқар Оразалиев, Данияр Сабыров, Санат Жүзбай деген жігіттер бар. Бұл өнерлі жастар – Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының әртістері. Топтың атауы осы үш жігіттің есімінің бас әріптерінен құралған.
  – Ән мәтінінде тек қана әуен ғана емес, оның ішінде құнарлы сөз, айтатын ой болу керек. Соны санадан, сүзгіден өткізіп, болашақта сол туынды кімге қажет,  соны сараптап алған артық емес. Егер, жақсы ән халық жүрегінен орын тауып жатса, ол – әншінің бақыты. Ол үшін 10-20 әнді орындау шарт емес. Мәселе – жақсы дүниені табуда. Бүгінде жастар арасында әзілқой жыңға толы дүниелер орындалып жүр. Қыздары жайлы өлеңдер шығуда. Ел аузында жүрген «Шымкенттің қыздары» сондай шығармалардың бірі. Ол әнді сапалы дүние дей алмаспыз. Бірақ, ел арасына кеңінен танылып үлгерді. Біздің топтағы үшеумізде бір жерде қызмет етеміз. Ақылдаса келе Қызылорда қыздары жайлы ән шығаруды жөн көрдік, – дейді топтың құрамындағы өнерпаз Асқар Оразалиев.
   Тыңдасаңыз, ән сәтті шыққан. Топ құрамындағы Даниярдың Қарақалпақ елінін өнерде жүрген жігіттерімен байланысы бар екен. Ол осы әннің әуенің естіп, авторынан рұқсат алған. Әнді Азамат Рахатов есімді жас компазитор өндеген. Осылайша жаңа дүние туған. Жігіттер сөзін кімге жаздыруды ұзақ ойланды. Оған жан-жақтан ақындардан сөзін жазуға ұсыныс түсті. Алайда, семейлік ақын Ерзат Әрін есімді ақынға жаздыруға шешім қабылдайды. Ерзат Қытайдан көшіп келген оралман жігіт. «Ақындығы да бір бөлек» дейді топ жігіттері.
  – «Әу демейтін қазақ жоқ» деген ұғымды қанына сіңірген халықтың ұрпағымыз. Тарыққанда тығырықтан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастырар өнердің өресі – ән мен күй. Біз мұнымен эстрадаға кетіп қалмақ емеспіз. Біз үшін киелі шаңырақтағы өнер –басты мақсат. Эстрадамен киелі сахнаны қатар алып жүру мүмкін емес. Дегенмен, біз әртістік  кәсібімізді алға қоямыз. Бұйырса, халық жақсы қабылдап жатса, басқа әндер дүниеге келетін болады. Өнердегі алдыңғы буынмен байланысымыз зор, – дейді Данияр Сабыров.
  Топтың құрылғанына аз уақыт болса да жігіттерге тойға шығуға ұсыныстар түсуде екен. Ал, серілер әлі оған дайын емес екендерін жеткізді. Бүгінде олар арнайы киім тіктіруде. Сонымен қатар, халықтың да пікірілері ерекше екенің айтты.
  – Жалпы, бұл әнді біз бұлай тез таралып кетеді деп ойламадық. Өнделіп шыққан соң әлеуметтік желіге жүктедік. Содан халықтың пікірі ерекше болды. Тіпті өзге де мемлекетте жүрген ағайындардың ықыласын аңғардық. Әннің тұсаукесері «Сыр аруы» жобасында болды. Онда қонақта болған эстрада жұлдыздары өз тілегін білдірді, – дейді Санат Жүзбай.
   Жігіттердің үшеуі де Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясынынң түлектері. Олар облыстық театрда үлкен рөлдерді сомдап жүр. Жігіттер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Әлі үйренеріміз көп дейді. Олардың ендігі жоспары – әнге бейнебаян түсіру. Бейнебаян түсіруге де жан-жақтан ұсыныстар түсуде. Алайда, жігіттер облыстың барлық ауданың қамтымақ.
                                                                                                                 Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
19 ақпан 2018 ж. 1 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам