Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ – МІНДЕТІМ

ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ – МІНДЕТІМ

   
Әнші Төреғали Төреәлі тыңдармандарына жаңа әнін тарту етті.
Қазақ тілі жайында әнді әнқоржынына қосқан әнші ана тілі турасындағы өз толғамын да жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Ұлы дала баласы тыңдармандарына «Қазақ тілі» әнін ұсынды. Өз кезегінде әнші қазақтығын дәріптеуді мақсат, ал өз тілінде сөйлеуді міндет тұтатынын жасырмады.
«Шындығында, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту ұлы Абайды, xан Абылайды, Жиреншедей шешенді, Бұқардай жырауды, тілмар тариxты ұмыту деп білемін. Ана тілін білмеген – қалықтаған қыранның қанатын кескенмен тең деп айтар едім. Қазақ тілі «жүрегім қазақ» деген әр бір жұмыр басты пенденің жүрегінде патшалық құруы тиіс. Қылыш қанжар секілді сойып түсер тәтті тілім түркі xалықтарының ішендегі ең суретшіл, ең образды тіл екенін ескергеніміз абзал.
Өзіміз ақсаңдап жүргенде, ана тіліміздің ақсаңдауы аяқтың сүрінуіне себеп болып жүрмесінші. Тұғырында тұрған тілді, тұрағынан тайдыруға xақым жоқ. Мақсатым – қазақ екенімді дәріптеу, міндетім – қазақ тілінде сөйлеу. Өзге тілдің бәрін білген жақсы, өз тіліңді құрметтеу парыз, сөйлеу міндет. Шұбарланған тілден, шала қазақ діннен сақтасын Алла! Дініміз – дүдәмәлдау, тіліміз – тіпті амалдау болып жүрмесін деген тілек мендегі», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.
18 наурыз 2018 ж. 1 757 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам