Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОРАЛМАН ТЕРМИНІ АЛЫНЫП ТАСТАЛЫНУЫ МҮМКІН

ОРАЛМАН ТЕРМИНІ АЛЫНЫП ТАСТАЛЫНУЫ МҮМКІН

   Елімізге оралған жалғызбасты қандастардың құқығы заңдық тұрғыда бекітіледі. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі айтты. Аталмыш ведомствоның вице-министрі Нұржан Әлтаевтың сөзінше, түзетулерге сәйкес енді мемлекеттік қолдау мен арнайы квота тек Қазақстанға оралған отбасы бар азаматтарға ғана емес, жалғызбасты адамдарға да берілетін болады.
«Біздің заңда коллизия болды. Ол жерде квота елге қайтқан оралмандардың  отбасына беріледі деп көрсеткенбіз. Бірақ соңғы кездері жалғызбасты азаматтардан өтініш жиіледі. Осы тұста құқықтық коллизия пайда болды. Оны жою үшін жаңа түзетулер енгіздік. Алдағы уақыта тек отбасы бар азаматтар ғана емес, жеке адамдар да квотаға ілінеді», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан ӘЛТАЕВ.
¤Жиын барысында вице-министр «Оралман» мәртебесін ұзарту тақырыбына да көңіл бөлді. Жаңа енген түзетулерге сәйкес, енді 1 жыл мерзім өтіп кеткен жағдайда жергілікті билік өкілдері уақытты қосымша бір рет 3 айға созып беруге міндетті болады. Сонымен қатар, көпшіліктің көкейінде жүрген  «оралман» терминінен бас тарту мәселесі де қозғалды.
«Қазір жаңа комиссия жұмыс істеп жатыр. Сол комиссияның қорытындысы бойынша біз сіздерге мәлімет беретін боламыз. Бір миллионнан астам оралмандар біздің елімізге бауырларымыз, қандастарымыз елімізге қайтып келген болатын. Енді  2017 жылды алатын болсақ, 19 мыңға жуық, 18 мың 605 адам, қателеспесем, оралман елімізге қайтып келген болатын», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан ӘЛТАЕВ.
Министрлік биыл жарты миллионға жуық азаматты жұмыспен қамтуға ниетті екен. Сырт елге ағылып жатқан кадрлар санын азайту мақсатында электрондық еңбек биржасының іске қосылғаны айтылды. Қазіргі кезде аталмыш жүйеге 71 мың түйіндеме келіп түскен.  Одан бөлек 20 мың азамат жұмыспен қамтылған. Дегенмен, әлі 19 мыңға жуық орын бос көрінеді.
05 сәуір 2018 ж. 1 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам