Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖИЫРМА МЫҢ ГРАНТТЫҢ 11 МЫҢЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕДІ

ЖИЫРМА МЫҢ ГРАНТТЫҢ 11 МЫҢЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕДІ

   Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің алаңында орталық мемлекеттік органдар, Үкіметтік емес ұйымдар, «Атамекен» ҰКП және бизнес өкілдерінің қатысуымен ҚР Президентінің «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылуы жөнінде дөңгелек үстел өтті. «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамасына қатысты ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасының Жолдауында 5 әлеуметтік бастама аясында білім беру жүйесіне аса көңіл бөлінеді. Біріншіден, бөлінетін гранттар саны 20 мыңға көбейді. Одан бөлек, студенттердің жағдайын жақсартуда жаңа жатақханалар құрылысы бастау жоспарланып отыр. Бүгінде, бөлінетін гранттардың бағдарламасының құжаты жасалды. Ол (құжат - авт.) бізге қарасты барлық 19 мүдделі органдардың қарастырылуына жіберілді. Оларға мемлекеттік огандар, ұлттық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар жатады. Қазіргі таңда 4-5 ведомствомен келісілді», - деді БҒМ вице-министрі.
Сондай-ақ, оның айтуынша 20 мың гранттың 11 мыңы техникалық мамандықтарға бөлінеді. Қазір елімізде жүз отыз ЖОО-ның 90-ында техникалық мамандықтар оқытылады.
«51 мамандық техникалық классификацияға жатқызылады. Олар аграрлық, инженерлік, ақпараттық, нано-технологиялар саласында да кездеседі. Бөлінетін 20 мың грант, мемлекет жыл сайын бөлетін 54 мыңға қосымша көлемде қосылып отыр. Нәтижесінде, мемлекеттік тапсырыс бойынша бір жылға бөлінетін грант саны 74 мыңды құрайды», - деп түсіндірді Асылова.


30 наурыз 2018 ж. 1 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам