РЕЗЕҢКЕ ҮЙРЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Ғалымдар балалар суға түскенде ойнайтын ойыншықтың қауіпті екенін анықтады. Америкалық және швейцариялық ғалымдар резеңке үйрек ойыншықтарды тексеріп көрді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, medportal. ru-ға сілтеме жасап.
Зерттеу нәтижесінде, жуынатын бөлемде тұратын, пластмасса ойыншықтар улы бактериялар мен саңыруқұлақтар шоғырын жинайтын болып шықты.
“Иілгіш ойыншықтардың ішінен бактериялар мен саңырауқұлақтардың тығыз шоғыры табылды. Бала сыққан сайын ондағылар суға түседі”, – дейді зерттеушілер.
Зерттеушілер жуынатын бөлемеге арналған ойыншықтардың жаңасын алып, 11 апта үйде пайдаланып, тәжірибе жүргізген.
Соңында, ойыншықты ортасынан кесіп қарағанда нәтижесі адам қуантарлықтай болмаған: әр квадрат саниметрлік бактериядан 5-тен 75 миллионға дейін патогенді жасушалар табылған.
Ойыншықтардың ластану дәрежесі қолданылатын судың түріне де байланысты болды.
“Саңырауқұлақтар нағыз ванналық ойыншықтардың 60% -ында және лас суымен басқарылатын барлық ойыншықтардан табылды. Потенциалды бактериялар зерттелген барлық ойыншықтардың 80% -ында, соның ішінде Legionella және Pseudomonas aeruginosa-та кездескен“, – дейді ғалымдар.
Мәселенің басты себебі, ойыншықтардың сапасыз материалдан жасалатындығында.
Адам шомылған кезде ағзасынан азот, фосфор сияқты қоректік заттар бөлінеді. Олар ойыншық ішіне барып саңырауқұлақтар мен бактериялардың көбеюіне әкеледі.
“Бұның жағымды жағы баланың иммунитетін жақсартуы мүмкін. Бірақ, көз, құлақ және асқазан-ішек инфекцияларын қоздырады”, – дейді микробиолог Фредерик Хэммс.
Микробиолог полимерлі материалдан жасалған ойыншықтарды пайдалануда абай болуды ескертті.