ҚАЗАҚСТАН ШЕТЕЛДЕН КЕЛЕТІН ОЙЫНШЫҚТАРҒА БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ
Өйткені, жаңа жыл қарсаңында сауда орындарында бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар тым көбейіп кеткен,-деп жазды КТК арнасы.
Ал, олардың басым бөлігі Қытай, Ресей, Түркия , Украина мен Қырғызстаннан жеткізіледі. Зертханалық тексеру көрсеткендей ойыншықтардың құрамында химиялық улы заттардың мөлшері көп.
Қазір осындай қауіпті ойыншықтардың бір жарым тоннасы айналымынан алынып, жойылған. Ал, кәсіпкерлерге екі жарым миллион теңгеге айыппұл салыныпты. Бірақ, базарларда әлі де сапасыз тауар сатылып жатыр.
Сондықтан еліміздің бас санитары тұрғындарға ойыншықты сертификаты бар арнайы дүкендерден алуға кеңес беріп отыр.
“Бұл біздің негізгі іс-шараларымыз, ұсынысымыз. Өздеріңіз де көріп жатырсыздар ойыншықтар техникалық регламент көрсеткіштеріне сай емес сатылып жатқандары.
Сондықтан тұтынушылар да осындай ұсыныс білдіріп жатыр. Көптеген кәсіпкерлер де осындай ұсыныстар беріп жатыр”,-деді ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.
http://stan.kz/