20 ЖАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ҚАРСЫЛАСЫН 31 СЕКУНДТА СҰЛАТЫП САЛДЫ
ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде 20 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері 26 жастағы мексикалық Тони Баррераспен (1-1, 1 КО) жекпе-жекке шықты. Кездесу 6 раундқа жоспарланған еді. Алайда қазақ өрені қарсыласын 31 секундта сұлатып салды. Осылайша Ахмедов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді