Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАНАШЫР АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ

ЖАНАШЫР АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ

 Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар қала кәсіпкерлері марапатталды.
Үстіміздегі жылдың 28 ақпанында Титов тұрғын ауданында орналасқан жатақхананың адам тұрмайтын бөлігі құлап, төтенше жағдай орын алған болатын. Төтенше жағдай барысында қала әкімдігі тарапынан жедел шаралар қолданды. Оқиға орнынан 50 отбасы қауіпсіз жерге көшірілген еді. Сол жандарды баспанамен қамту мақсатында, құрылысшы кәсіпкерлерінің демеушілігімен 50 млн. теңгеге жуық қаржыға қала көлеміндегі 9 көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, аталған отбасылар толықтай пәтерлерге орналастырылды.
Осыған байланысты, төтенше жағдай орын алған уақытта дер кезінде қолдау көрсетіп, демеушілік жасағаны үшін, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген бірқатар құрылыс компаниясының басшылары мен кәсіпкер азаматтар Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.  Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде әлеуметтік көңіл-күйдің тұрақталуына қосқан ерекше қызметі үшін «Қызылорда» телеарнасының тілшісі Елжас Әбділдәға облыс әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.
«Осы игі істеріңіз үшін барлықтарыңызға қала халқы атынан шынайы алғысымды білдіремін» – деді қала әкімі Н.Нәлібаев.
                                                                                                     Айтолқын АЙТЖАНОВА.
09 сәуір 2018 ж. 1 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам