ЖАСТАРДЫҢ БИЗНЕСКЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

Студенттер сарайында өткен шарада ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев арнайы келді.
Жобаның басты мақсаты – 16 мен 35 жас аралығындағы жастардың бизнес жобалары мен бастамаларын іріктеу арқылы үздік деп танылған идеяларға қолдау көрсету, қаржыландыру. Сыр жастарының білімі мен біліктілігін таразылаған бұл байқауға өңір жастарының қызығушылығы өте жоғары болды. Мұның бір ғана дәлелі, бизнес-жобалары ұлттық байқауына аймағымыздан барлығы 200-ге жуық жастар өз жобасын ұсынған.
Бұл бағыттағы жобаларды қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-і бірлесіп былтырғы жылдан бастап сәтті жүзеге асырып келеді. Ол бойынша 160 жас кәсіпкерлік негіздері мен жаңа дағдыларына бейімделген.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.