25-30 ГРАДУСҚА ДЕЙІН ЫСТЫҚ БОЛАДЫ

Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Оңтүстік және шығыс аудандарға Орталық Азиядан жылы ауа массасы ығысады. 13-14 сәуір күндіз оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін, шығыста 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін ыстық болады. Қызылорда және Қостанай облыстарында ескерту жарияланды. 12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсуі ықтимал. Күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 12 сәуірде Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.