Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДМИТРИЙ БАЛАНДИН ИСПАНИЯ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІНІҢ АБСОЛЮТТЫ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ДМИТРИЙ БАЛАНДИН ИСПАНИЯ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІНІҢ АБСОЛЮТТЫ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

   Малага қаласында өткен Испания ашық біріншілігінің соңғы күнінде Қазақстанның жүзуден құрама қомандасы тағы үш наградаға қол жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі SportX.kz сайтына сілтеме жасап.
2016 Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин кезекті үшінші алтын медальға қол жеткізді. Бұл жолы 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде топ жарды. Бұған дейін ол 200 және 50 метр қашықтықта жүзуден ешкімге дес бермеді. Осылайша ол брасс әдісімен жүзуде барлық үш алтын медальды иеленді.
Сонымен қатар, жарыстың соңғы күнінде Қазақстанның рекорд орнатушысы Әділбек Мусин де жеңіс тұғырынан көріне білді. Ол 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде қола медальға қол жеткізді. Тағы бір «қоланы» 50 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден Әділ Қасқабай жеңіп алды.
Жалпы, Малагада өткен турнирде қазақстандық жүзушілер 8 медаль иеленденді – үш алтын, үш күміс пен екі қола.
Испания біріншілігіндегі үздік нәтижені 2016 Олимпиада ойындарының чемпионы Мирель Бельмонте көрсетті. Ол алты рет бірінші орыннан көріне білді. Ал, испандық Джессика Валь, Лидон Муньос, Уго Гонсалес және қазақстандық Дмитрий Баландин жоғары сынамалы награданы үш рет иеленді.


12 сәуір 2018 ж. 1 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам