Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕДИАЦИЯНЫ ЖЕТІЛДІРУ ҚОҒАМҒА ТИІМДІ

МЕДИАЦИЯНЫ ЖЕТІЛДІРУ ҚОҒАМҒА ТИІМДІ

   Бүгін Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен медиация кабинеті медиаторлары кеңесінің отырысы өтті. Оған облыстық ассамблея мүшелері, қоғамдық және этномәдени бірлестік мүшелері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңес отырысының модераторы «Қоғамдық келісім» КММ директоры орынбасары Асылбек Жұмабаев болды. Жиынға қатысушылар бітімгершілік заңдылықтарын жаңғырту, кадрларды дайындау, бірлескен бағдарламалар мен әдістемелер әзірлеу жөніндегі мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Отырысты ашқан «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға эксперт-медиаторы Нұрлан Тасыбаев азаматтардың құқығын қорғау жағынан медиация тәсілдерінің маңызы үлкен екенін айта келіп, бұл соттың да жұмысын жеңілдетіп, оның сапасы мен тиімділігін арттыратынын атап өтті. Сонымен бірге, медиация кабинетінің медиаторлар кеңесінің 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебін берді. «2017 жылдың 11 айында медиация тәртібімен 321 шиеленісті мәселелер шешілді. Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу пилоттық жоба бойынша облыстық сот судьяларының қатысуымен 176 іс, медиатордың қатысуымен 142 іс қаралған», - деді.
«Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестік медиатор жаттықтырушысы  Ләззат Бақтыбаева «Кез келген қоғамда үлкенді-кішілі даулардың болуы заңдылық. Бірақ оның бәрін тек сот арқылы шешу азаматтарға да, мемлекетке де тиімсіз. Сондықтан бұл жерде медиацияны қолданудан артық ұтымды шешім жоқ. Елімізде медиацияны қолға алу жұмыстары 2010 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Содан бері көпшілік тартысты шешудің балама түрі – медиация тәсілдеріне жүгіне бастады. Жалпы, медиацияны істің кез келген сатысында жүргізуге болады. Бұл сала қатып қалған қағидаға бағынбайды. Ең бастысы, медиатор шешен ғана емес, дауласып жүрген тараптарды мәмлеге келтіре алатын шебер болуы тиіс», - деген келелі ой қозғады.
Қатысушылардың пікірінше, көпшілік медиацияның пайдалы екенін әлі күнге жете түсінбей жүр. Медиацияны жетілдіру қоғамға тиімді. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы медиацияны дамыту жолдарын қолға алып, қарқынды жұмыстар атқарып келеді.
Жиын аясында «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің медиаторлар кеңесінің мүшелерін кәсіби емес медиаторлар арасынан жаңарту мәселесі жайлы ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарымен танысты.
Кеңес отырысы сұрақ-жауап, пікір алмасумен қорытындыланды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
12 сәуір 2018 ж. 1 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам