ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ №15 МЕКТЕП «ЖЫЛЫЖАЙ» ЖОБАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
2017-2018 оқу жылында №15 мектеп-лицейі БҰҰ Даму бағдарламасы аясында «SAMSUNG» компаниясының демеушілігімен «Жылыжай» жобасының грантын жеңіп алды. Жобаның құны: 2 млн 200 мың теңге.
Аталған жобаның мәні зор. Оқушылардың тәжірибе жасауына, биология сабағындағы теориялық білімін, практикалық жұмыспен ұштастырады және зерттеу мүмкіндігі жасалады. Оқушыларды еңбекке баулу, туған жерін сүюге және болашақ ауылшаруашылық мамандықтарын таңдауға, еңбегін құрметтеуге дағды қалыптасады. Өнімі әлеуметтік жағдайы төмен отбасының оқушыларына арнайы дәрумендірілген ас мәзірі жасалып, тамақтануға асханаға беріледі және артық өнім мектепке кіріс көзі болып табылады. Жоба мектеп ардагерлері, мұғалімдері, оқушылары мен ата – аналар және барлық қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.