ЕРЕКШЕ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ
Балықтар
Жұмыс/оқу мен жеке өміріңізді де қатар алып жүріңіз. Біріне артық, біріне кем қарауға болмайды, екеуі де өміріңіздің ажырамас бөлшегі болғандықтан, екеуіне бірдей уақыт бөліп, бәріне үлгеруге тырысыңыз. Достарыңыздың да жағдайын біліп қоюды естен шығармаңыз. Қиялыңыз бен ойларыңыз шынайы өмірден бір табан алыстатып жіберуі мүмкін. Бұлттар арасында қалықтап жүргенде махаббат бен жаңа мансап құру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар бүгін беделі мен абыройына нұқсан келтірмеуді қадағалауы керек. Аттестация, емтихан секілді өмірдің кіші сынақтарынан сүрінбей өтеді. Күндердің бір-бірінен айнымай, біркелкі өтуі жалықтырып жіберуі мүмкін. Мұңға салынып, мойымаңыз. Біліміңізді жетілдіруге өте қолайлы кезең. Кешкі мезгілде достарыңызбер бас қосып бір сергіп алыңыз.
Тауешкі
Алда күтер сәттіліктер бойыңыздағы жалқаулық пен еріншектікті жеңе білуіңізге байланысты. Достарыңыз бен жақындарыңызға қол ұшын созсаңыз, өзіңіз де қуанышқа кенелесіз.Болашағыңызға әсер ететін маңызды жаңалықты жіберіп алмаңыз. Жақындарыңызбен, туыстарыңызбен араласқанда да абай болыңыз, кез келген істе түсіністік танытып, ұрыс-керіссіз құтылуға талпынған абзал.
Мерген
Бүгін сіз үшін жаңа идеялар мезеті. Бір минутты да босқа өткізбеуге тырысыңыз. Өзіңізді жан-жақты жетілдіруге таптырмас кезең. Жақсы адамдармен танысуыңыз мүмкін.Мұндай таныстық өзіңізді орныңызды табуға көмектеседі. Достарыңыздан, құрбыларыңыздан бір сәтке ажырай тұрған жөн дейді жұлдыздар, әсіресе, қарыз беру, алыс-беріс қатынасынан қашық болыңыз. Бұл күн оған арналмаған.
Сарышаян
Сыртыңыздан өсек-аяң жүруі мүмкін. Ол өзіңіз не туған туыстарыңыз туралы айтылуы ықтимал. Қаңқу сөз көбіне жақсы адам жөнінде айтылатынын ұмытпаңыз. Сол себепті іші тарлардың қармағына түсіп қалғыңыз келмесе, өтірік шыны аралас жағымсыз пікірлерді еш елемеңіз. Әр ортада белсенділік танытсаңыз, жоспарлаған істеріңіз өзіңіз ойлағаннан да оңай атқарылғанына куә боласыз.
Таразы
Таразылар бұрын ата-анасы, туыстары қарсы болған істі енді қолға алып, жүзеге асыруы мүмкін. Әсіресе, ата-анасымен бірге тұрып, үлкендер сөзінен аттамайтын жастар жағына қатысты осылай деуге болады. Тәуекелге бармас бұрын ой-санаңызды іске қосып, жақсылап ойланыңыз. Қиындық туған жағдайда, істі тағы да кейінге қалдыра тұрған жөн болар. Сыртқы келбетіңізді де өзгертуге қолайлы уақыт емес.
Бикеш
Қаражатыңызды жоспарлап, орнымен жұмсауға талпыныңыз. Оңды-солды ақша шашып, мол шығынға кенелсеңіз, арты жақсылыққа апармайды. Қызығушылықтарыңызды да ақылмен, оймен іске асырасыз. Айналаңыздағылар жоғары түсіністік танытады.
Арыстан
Психологиялық тұрғыда, махаббат мәселесінде, материалдық жағдайда, отбасылық қиындықта барлығы сізден көмек сұрайды. Ешкімнің көңілін қалдырмаймын деп жүріп, өз істеріңіз кейінге қалып қоюы мүмкін. Ештеңе етпейді, оны ойлап көңіл түсірмеңіз. Біреуге жасаған жақсылығыңыз бүгін боламаса ертең еселеніп қайтатынын естен шығармаңыз.
Егіздер
Бүгін өзіңізді дамыту жолында сәттілік күтіп тұр. Күш-қуатыңызды, жігеріңізді жаныған жөн. Қызықты жаңалықтар, табысты танысу, маңызды кездесулер жақсылыққа жол ашады. Жұмыста/оқуда өзіңізді барынша жақсы жағыңыздан көрсетуге тырысыңыз.
Торпақ
Бұл күн оқуға, жұмысқа қатысты жайларды оңынан шешуге қолайлы болмақ. Сабыр сақтап, өзіңізге сенімділік жоғалтпасаңыз бәрі жақсы болады. Достарыңызбен түсініспеушілік орнаса да, соңы жақсы аяқталады. Романтикалық қарым-қатынасқа, жаңа таныстыққа, шығармашылық байланысқа да қолайлы сәт туды. Күн суытып, жұқпалы аурулар көбейетіндіктен, өзіңізге күтім жасап, аурудың алдын алыңыз. Бас пен аяқты жылы ұстап, денсаулығыңызды сақтаңыз.
Тоқты
Маңызды шешім қабылдамас бұрын ол жөнінде мол ақпарат жинап алған дұрыс. Асығыс жасалған тәуекелден беделіңізге нұқсан келуі ықтимал. Тәкаппарлыққа бой алдырмай, өз-өзіңізге есеп беріңіз. Мансаптық жолда да, жеке өмір мәселелерінде де беймаза ойлардан арылыңыз. Адам не ойласа, сол болады.
Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан