Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙ ЕЛДІҢ АЗАМАТТАРЫ КӨП КЕЛЕДІ?

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙ ЕЛДІҢ АЗАМАТТАРЫ КӨП КЕЛЕДІ?

     ҚазАқпарат - Еліміздегі көші-қон саласында есірткі бизнесіне, адам саудасына қатысты оқиғалар аз емес. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еліміздегі көші-қон процесі өте ауқымды, болашақта ол тек арта түседі. Ресми статистика бойынша соңғы үш жылда біздің елімізге 5,6 млн астам шетелдік азамат келген. Олардың 90 пайыздан астамы ТМД елдерінен, яғни негізінен Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келгендер. Сонымен қатар алыс шетелден елімізге сапарлайтын мигранттардың қатары көбейгені байқалуда. Осы уақытта олардың саны 620 мың адамға жетті. Бұл шетелдіктердің көбі Қытай мен Түркия азаматтары», - деді министр. Атқарылып жатқан жұмыстардың басты міндеттері заңсыз көші-қонмен күресуге негізделгеніне тоқталған Қасымов, себебі бұл шаралар еліміздегі қоғамдық тәртіп үшін маңызды екенін жеткізді. «Өйткені көші-қон ағымы есірткі бизнесімен, адам саудасымен, экстрмизм және лаңкестікпен байланысты болған кездері аз емес. Бұл салада бақылау мен реттеуді тиімді ұйымдастырмасақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зиян келуі мүмкін», - деді Қалмұханбет Қасымов.

16 сәуір 2018 ж. 1 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам