Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОТАНДЫҚ ТАУАРӨНДІРУШІЛЕР ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛУДА?

ОТАНДЫҚ ТАУАРӨНДІРУШІЛЕР ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛУДА?

   Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында сатып алу саласында отандық тауарөндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі жұмыс комиссиясының отырысы өтті.
         Онда облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким отандық тауарөндірушілерді қолдау бағытында жүргізілген жұмыс барысын талқылады.
         Отырыста комиссияның тең төрағасы – аталмыш палатаның директоры Ғалымбек Жақсылықов 2017 жылы мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 49 млрд. теңгенің келісім шарты орындалғандығын айта келе, соның ішінде жергілікті қамтудың көлемі 23 пайызды ғана құрағанын жеткізді.
         Палата басшысының айтуынша, отандық тауарөндірушілерді қолдауға бағытталған шараларға қарамастан негізгі құрылыс заттары өзге өңірлерден, тіпті өзге елден сатып алынған. Ғалымбек Жақсылықов бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ресми интернет-ресурстарында қажетті негізгі құрылыс материалдары туралы ақпарат орналастыру туралы тапсырма берілгенімен талдау көрсеткендей әлі де орындалмай отырғандығын айтты.
–Жыл басынан бері ресми-интернет ресурстарында жалпы құны 100 млн. теңгені құрайтын құрылыс материалдары туралы ақпаратта «К» қосымшасы жүктелмеген. Мемлекеттік органдар тарапынан орын алып отырған мұндай немқұрайлылық жергілікті тауарөндірушілерге айтарлықтай зиянын тигізуде, – деді палата директоры.
Мұнан өзге, комиссия отырысында облыста қап шығарумен айналысатын «Полимер продукт» ЖШС-нің проблемасы да қаралды. Мекеме басшысының айтуынша, өңірдің қапқа деген сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бола тұра, «Полимердің» өнімі емес, шетелдік өнімдердің алынып жатқандығын жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары «Полимер продукт» ЖШС-нің мәселесін мүдделі ұйымдардың басшыларын қатыстыра отырып, қайта қарауды ұсынды.
                                                          Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
16 сәуір 2018 ж. 1 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам