5 НЫСАНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде 168 сауда орындарынан өнімдердің 2226 сынамасы сатып алынды. Сатып алынған 2226 сынаманың 86% (1915) тағам өнімдері, 47 сынама балаларға арналған өнімдер, оның ішінде балаларға арналған ойыншықтар 39 сынама, балалар мен жас өспірімдерге арналған өнімдер 8 сынама, парфюмерлі-косметикалық өнімдер 45 сынама, тұрмыстық химия заттары 44 сынама, баспасөз сынамалары 14, жеңіл өнеркәсіп өнімдері (киім) 45 сынама, құрылыс материалдары 3 сынама, жеке қорғаныс заттары 59 сынама, жеке гигиена заттары 13 сынама, тағам өнімдерімен жанасатын бұйымдар 16 сынама, темекі өнімдері 6 сынама және 3 сынама антифриз. Өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде сатып алынған 2226 өнімнің 60,4% (1346) отандық өнімдердің, 29,2% (650) Еурзиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және 10,3% (230) өзге елдердің үлесінде.
ҚР ДСМ ҚДСК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша 2226 сынаманың 48 немесе 2,1% техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген, оның ішінде таңбалануы бойынша 24 сынама, санитарлы-химиялық көрсеткіші бойынша - 3, микробиологиялық көрсеткіші бойынша - 21 сынама.
- Сәйкес келмеген 48 сынаманың 79% (38 сынама) тағам өнімдерінің үлесінде болса, оның 19 кулинариялық өнімдердің, 7 сынама ет және ет өнімдерінің, 2 сынамадан құс еті, сүт және сүт өнімдері, ұн, макарон, жарма өнімдері 3 сынама көкөністермен жеміс-жидектер, 1 сынамадан тұз, кондитерлік және мамандандырылған өнімдер құрады. Сонымен қатар 3 сынама жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен 7 сынама балаларға арналған ойыншықтардан сәйкессіздік анықталды, - деді Ұ.Аханева.
Анықталған кемшіліктерге сәйкес 16 нысанға ҚР-ның халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі нұсқамалар берілді. Нұсқама орындалуын тексеру бойынша 12 объекті жоспардан тыс тексерумен қамтылды. Тексерулер нәтижесімен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 баптың 1 бөлімі бойынша 5 нысанға жалпы соммасы 158830 теңге айыппұл салынса, 1 материал ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462 бабының 3 тармағына сәйкес сотқа жолданып, сот шешімімен 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.