БҮГІНГІ КҮНГЕ АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ
Абыр-сабырға толы күн болмақ. Өзгелердің пікіріне құлақ асып, көзқарасымен бөлісіп үйреніңіз. Шығармашылық шабытыңыз шарықтап, бас айналдырар мақтауларға ие боласыз. Бірақ кімнің қалай мақтағаны мен сол мақтауларға шын лайықтысыз ба, өзіңіз саралап, нәтиже шығара білу өзіңізге байланысты.
Суқұйғыш
Зұлым адамдардың тұзағынан сақтаныңыз. Ішкі түйсігіңізге құлақ асып, сырткөзге әлсіздігіңізді байқатпаңыз. Достарыңыз бен жақындарыңыз сізге ғана сенім артып отыр. Сондықтан мықты болуыңыз керек.
Тауешкі
Бүгін еңбегіңіздің жемісін жейсіз. Бойыңыздағы күш-қуатыңыз спортпен айналысуға да, жақсылап көңіл көтеруге де жетеді. Алайда, күдікті іспен шұғылданудың қажеті жоқ. Себебі, нар тәуекелге барамын деп қолыңыздағы бақыт құсын ұшырып алуыңыз мүмкін. Бүгін сіз үшін сәтті күн болмақ.
Мерген
Мақсатына жетпесе тынбайтын жанға айналуға тырысыңыз. Арманыңыздың орындалатындығына өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз. Қателіктеріңізді анализдеп, алға қадам басыңыз. Дәл қазір өзгелердің де мақсатын жүзеге асыруға көмектесе аласыз. Махаббат сезімінің тәртіпке бағына қоймайтындығын ескеріңіз. Қандай жағдай болмасын, көңіл күйіңіз түспесін.
Сарышаян.
Көпшіліктің көзайымына айналғыңыз келсе, жұмбақ жан болып көрінуге тырысыңыз. Шығармашылықпен айналысуға уақыт тауып, философиялық кітаптар оқыңыз. Өзіңіздің түйсігіңізге сеніп, ешкіммен ренжіспеңіз.
Таразы.
Көңіл көтеріңіз, қыдырыңыз, демалыңыз. Көрші қаланы аралауға аттаныңыз, көңіл қалаған жаққа барып келуге таптырмас күн. Жалған романтикаға алданып қалмаңыз. Бүгін жақсы таныстық үшін таптырмас күн. Əр таныстық өз несебімен келеді.
Бикеш.
Салдары жаман болатындықтан, бүгін асығыс шешім мен ашуға бой алдырудан аулақ болған жөн. Жақын адамыңызға құпияны әзірге айтпаңыз. Өйткені, материалдық, рухани құндылықтарға байланысты көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Жаныңыз жаңа сезімге құмартуда. Қалыпты қарым-қатынастан эмоцияға берілуді жөн көресіз. Жаңа адамдармен таныссаңыз да, олармен тағдырыңызды біріктіруге асықпаңыз.
Таразы
Көңіл көтеріңіз, қыдырыңыз, демалыңыз. Көрші қаланы аралауға аттаныңыз, көңіл қалаған жаққа барып келуге таптырмас күн. Жалған романтикаға алданып қалмаңыз. Бүгін жақсы таныстық үшін таптырмас күн. Əр таныстық өз несебімен келеді.
Арыстан
Бүгін абыройыңызды асқақтатып, беделіңіз бекіте түскеніңіз дұрыс. Осы уақытқа дейін бітпей жүрген жұмыстарыңыз шешімін табуы ықтимал. Бүгін өз ойыңызды ешкімге айтпауға тырысыңыз, әйтпесе өзіңізге сенімді адамдарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.
Шаян
Бүгін қобалжу мен уайымға толы болатын сыңайлы. Бірақ бұл ішкі «дүрбелеңіңізді» көпшілікке жая берудің қажеті жоқ. Сыртқа сыр шашпағаныңыз дұрыс. Ал кешке эстетикалық жұмыстармен айналысуға қолайды. Бұл көңіл-күйіңізді көтерумен қатар, алдағы күндерге үлкен мүмкіндіктер ашпақ.
Егіздер
Бүгін сіз неғұрлым кішіпейіл әрі сабырлы болсаңыз соғұрлым жеңісіңіз көп болмақ. Жеке өміріңізге қатысты жағымды жаңалық, жақсы көрсеткіштердің басы осы күннен басталады. Дей тұрғанмен, бүгін сүйікті ісіңізбен айналыссаңыз да қолайлы. Достарыңыздың ақыл-кеңесін тындауға да уақыт тапқаныңыз абзал.
Торпақ
Бүгін атқаруға тиісті шаруаларыңызды тізбектеп қағазға түсіріп қойыңыз. Керек десеңіз, оны көзге көрінетін жерге іліп, істеген жұмысыңызға орай өзіңізге есеп беріп отырсаңыз да артық етпейді. Бүгінгі күн жағымды естелікпен есте қалмақ. Ал үй шаруасының біраз бөлігін туысқандарыңызбен бөлісуге мүмкіндік мол.
Тоқты
Бүгін көңіл-күйіңіз ерекше болмақ. Тіпті өмірде мүмкін емес нәрселердің өзі мүмкін болатындай сезіледі. Кәдімгі балаң қиялға қанат қағып, таңғажайып сезімде боласыз. Күніңіз сәтті басталғалы тұр. Керек жерге керек уақытында барып, жақында туындаған бір мәселеңіз шешімін тапқалы тұр. Бірақ көңіл-күйдің әсерімен жұмысты уыстан шығарып алмаңыз.
Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан