Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫСТА 517 ЕСКЕРТКІШ МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНА АЛЫНҒАН

ОБЛЫСТА 517 ЕСКЕРТКІШ МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНА АЛЫНҒАН

  Биыл облыста Қышқала, Бәбіш мола сияқты көне қалаларына қазба жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімдігінің қолдауымен соңғы төрт жылда Сыр өңіріндегі Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат, Сортөбе, Жент шаһарларына және Кердері кесенесіне еліміздің және жергілікті ғалымдардың қатысуымен археологиялық зерттеу жүргізілген еді. Сондай-ақ, Сыр өңірі ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мақсатында нақты іс-шаралар қолға алынды. Осы мақсатта Сығанақ, Жанкент қалашықтары, Сауысқандық петроглифтері және Жеті асар мәдениет ескерткіштерінің толық құжаттамалар топтамасы әзірленген. Олардың қорғау аймақтары белгіленді.
«Облыс бойынша 517 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 30-ы ескерткіш республикалық, 256-ы жергілікті маңызы бар, 231-ң тарихи-мұра нысандарының алдын-ала тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдығ екінші жартысында белгілі тұлғаларды ұлықтау мақсатында облыс және аудан орталықтарында жаңа ескерткіштер бой көтереді»,- дейді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова.

19 сәуір 2018 ж. 2 042 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 842 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам