Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » РОЗА БАҒЛАНОВАНЫҢ АЛҒАШҚЫ МАХАББАТЫ

РОЗА БАҒЛАНОВАНЫҢ АЛҒАШҚЫ МАХАББАТЫ

   Роза Бағланова. Есімі Ұлы Отан соғысы жылдарында алдымен сол шақтағы күллі одаққа, одан соң Қазақстанға мәлім болған дарын иесі. Даңқы шетелге жетіп тұрған сәт. Толығырақ "ALASHINFORM" ақпарат агенттігі
Ұлы Жеңістен кейін атамекенге оралып, Алматыда тұрақтады. Кімсің Роза атанған әнші даңқы көкке шарлады. Ол орындаған әндер ауыздар-ауызға тарады. Халық алақанда аялады. Бірде... Соғыстан кейінгі жылдардың бірінде.
Шымкентте Жеңіс күні құрметіне жиын өтеді. Арыс ауданынан 7, өзге аудандардан 2-3 не 4-5-тен Кеңес Одағының батырлары қатысты. Алматыдан өнер қайраткерлері келді. Ішінде Роза Бағланова бар. Жиыннан кейінгі концерттен соң парк ішіндегі алаңда батырларға арнап дастархан жайылды. Фронтовой жүз грамм, ән, күй, би. Алматылық өнерпаздар кезек-кезек ән шырқады. Өз кезегінде қонақтар жайғасқан үстел мен үстел арасында билеп жүріп ән салған Роза орта шенде отырған қалың бұйра шашы маңдайын жапқан, қастары тұтаса біткен еңсегей бойлы  әсем жігіттің жанына бірнеше рет қиғаштай барып, нәзік саусақтарымен басынан сипай өтіп кетіп жүрді. Оған арнап ән шырқады: "Катюша". Онан соң екеуі дөңгелене биледі. Жігіттің омырауында "Алтын жұлдыз". Думан қыза түсті. Розаның қайда тұрасың дегеніне жас батыр: "Ешқайда тұрмаймын, Мәскеуде оқимын. Бәлкім, келешекте Алматыда тұратын болармын" деп жауап берді. "Оһо, біз жақында Мәскеуге барамыз" деді Роза. "Онда сонда жолығады екенбіз де" деді жігіт. "Күтесіз бе?" "Күтемін!".
Олар осылай танысты. Роза айтты: "Қазалының қызымын" деп. Батыр айтты: "Оңтүстіктің Шаянынанмын" деп. Қоштасарда Роза кезекті әнін шырқады: "Ах, Самара, городок".Бұл күні олар қайта кездескен жоқ.
Батырлардың осалы болмайды, Талғат, Мәлік, Әлия, Мәншүк- кіл дөйлер. Әйтсе де, шаяндық батыр бейнесі көкейдің бір түкпірінде жүретін. Аты-жөні- Садық Әбжаппаров. 
Сәкең аса дегдар, инабатты, ішкі де, сыртқа да мәдениеті мол зипа, зиялы, үлкен-кішіге теңдей қарайтын кішіпейіл жан екен. Өмірінше әскери салада қызмет етіпті. Садық:
-"Көзі ашық жігітсің ғой. Саған тоқ етерін айтайын. Артистке үйленгенімді тума-туыстарым да, жақын дос, жора-жолдастарым да қостаған жоқ. Біз оған қарамадық. Алматыда тұрдық. Кереметтей пәтеріміз болды. Бірақ біз үйленгенмен, үй бола алмадық. Үй болу үшін ерлі-зайыптылар күніге бір есіктен кіріп, бір есіктен шығу керек. Екеуміз қысы-жазы айлап-жылдап командировкада жүрсек қайдан үй боламыз? Ал некеге адал болдық. Роза екеуміз өкпе-назсыз, адамша айырылыстық. Соңғы айтарым, біз екеуміз көктемнің жайнаған шағында танысқан болатынбыз. Сол кезді сағынамын..."
Роза Тәжібайқызы ше? Өмірінің соңғы жылдарында теледидардан берілген сұхбат-хабарларда ол да алғаш жаны сүйіп қосылған жары Садық Әбжаппаров екенін құрметпен еске алып айтқанына сіз де, біз де куә болдық емес пе? Болдық! Болғанбыз! Солардың әсерінен осынау эссе-очеркті жазу құмбылдығы оянған-ды. 
Соңғы айтарымыз, көптеген алыс шетелдерде, көрші Ресейде, Өзбекстанда Роза секілді ұлы әншілер өмірінен түсірген көркемсуретті фильмдер баршылық. Біде әлі жоқ есебі. Розаның өмірі дап-дайын материал емес пе және қандай! Қозғал, қазақ!
Рухтары шат болсын!..
Дереккөз: Ана тілі газеті
24 сәуір 2018 ж. 1 997 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам